Облыстың Бас имамы Ораза айтпен құттықтады 1618

Облыстың Бас имамы Ораза айтпен құттықтады

01 мамыр 2022 90 Оқу 1 минут

Қадірлі отандастар және ақтөбеліктер!

Күллі мұсылман қауымының ұлық мерекесі Ораза айт мейрамымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт – мейірімділік пен игіліктің, достық пен шаттықтың мерекесі. Иманды күшейтіп, кеңпейіл, бауырмал, қонақжай халқымызды жақсылыққа, қайырлы іс жасауға жетелейтін күн.

Бір ай бойы шынайы ықыласпен ұстаған оразамыз, оқыған Құран хатымымыз бен намаздарымыз, берген зекет пен пітір садақаларымыз, дұға-тілектеріміз қабыл болып, қасиетті айдың берекетіне бөленіп, сауабына кенеліп, күнә-қателіктерімізден арылуды, жылдан жылға, айдан айға аман-есен жетуімізді Алла Тағала баршамызға нәсіп еткей!

Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы артып, еліміз бен жеріміз, әлем жұртшылығы түрлі қауіп-қатерден аман болсын!

СЕРІКЖАН ЕНШІБАЙҰЛЫ

Ақтөбе облысының Бас имамы