Ақтөбе: Рамазанның 10 күнінде  42 000адамға ауызашар дастарханы жайылды 2595

Ақтөбе: Рамазанның 10 күнінде 42 000адамға ауызашар дастарханы жайылды

01 сәуір 2023 177 Оқу 1 минут

Қасиетті Рамазан айының басталуына орай ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде Рамазанның 10 күнінде облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінде яғни 43 мешітте 42 000 адамға ауызашар дастарханы жайылды. 

Демеуші жандардың қолдауымен күнделікті 250 жанға арналып жайылатын тегін ауызашар дастарханы Рамазан айы бойы жалғасын табады.

Алғашқы ауызашар отырысына жиылған жамағатқа облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы құттықтау лебізін білдіріп, Рамазан айының қадір-қасиеті жөнінде насихат айтты.

Сонымен қатар имамдардар әр ауызашар басқосуында ораза жайында қажетті мағлұмат беріп, жамағат үшін пайдалы кеңестерін бөлісіп келеді.

Одан өзге әр ауызашарда қасиетті ай туралы «Сұрақ-жауап» айдары ұйымдастырылып, «Оразаға қатысты 150 сұрақ», Оразаға қатысты 200 сұрақ» атты т.б кітаптар белсенді қатсушыларға тарту етілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі