«Ислам ғибадаты» кітабы аясында білім сайысы ұйымдастырылды 5034

«Ислам ғибадаты» кітабы аясында білім сайысы ұйымдастырылды

22 қараша 2025 163 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдер орталығында жамағатқа арналған «Ислам ғибадаты» атты кітаптың негізінде дін және шариғат тақырыптарын қамтыған білім сайысы ұйымдастырылды. 

Іс-шара басында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Айзат Қобланқызы шәкірттерге насихат айтып, дұрыс білімге ұмтылудың қадірін түсіндіріп өтті.

Сайыс негізінде шәкірттер Ислам шариғатының ерекшеліктері мен ақиданың мұсылман өміріндегі орны туралы өз білімдерін сарапқа салды. Әр сұрақ оларды терең ойлануға, алған білімдерін дәлелдермен жеткізуге жетеледі.

Дода тек жарысу емес, сонымен қатар танымдық бағытқа арналды. Ал қатысушылар Ислам құндылықтарының өмірге бағыт-бағдар берудегі маңызына тоқталып, шариғаттың адам тәрбиесіндегі рөлін де жан-жақты талқылады.

Жарыс қортындысы бойынша 1 орынды «Нұр» тобы, 2 орынды «Зәм Зәм» тобы, 3 орынды «Ихсан» тобы иеленді. Жеңімпаздарға «Мұсылманшылық тұтқасы», «Мұсылмандық шарты» және «Бала тәрбиесі бесіктен басталады”»кітаптары сыйға берілді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі