Тамақты суыту үшін үрлеп ішуге бола ма?
Расында бала кезімізде әжелерімізден «Балам, тамаққа үрлеме, жаман болады» деген сөзді жиі естіп өстік. Сөйтсек бұл исламда анық көрсетілген «ас ішу әдебінің» бірі екен. Шын мәнінде пайғамбардан (с.ғ.с.): «Ыдысқа демалуға не үрлеуге тыйым салған», – деген риуаят жеткен (Термези, Әбу Дәуіт және Ибн Мәлик).





































