Ислам діні феминизмді қолдай ма?
Феминизмнің басты мақсаты– қоғамның бүкіл саласында әйелдерге еркектермен тең мүмкіншілік орнату. Алайда адам баласы ер және әйел болып екі жынысқа бөлінетінін ескерсек, олар биологиялық және психологиялық тұрғыдан, сондай-ақ басқа белгілермен бір-бірінен ажыралып тұратынын түсінеміз.



































