ЕКІНТІ НАМАЗЫ АЛДЫНДАҒЫ СҮННЕТТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ ҚАНДАЙ? 2389

ЕКІНТІ НАМАЗЫ АЛДЫНДАҒЫ СҮННЕТТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ ҚАНДАЙ?

31 қаңтар 2023 253 Оқу 1 минут

Бес уақыт парыз намаздары мен бекітілген сүннеттен тыс нәпіл намаздары бар. Соның бірі – екінті намазынан бұрын оқылатын нәпіл намазы. Бұл намаздың артықшылығы жөнінде Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген:

رحم الله إمرأ صلى قبل العصر أربعا

«Екінтіден бұрын төрт ракағат оқыған пендені, Алла мейріміне бөлесін!»[1].  

من صلى قبل العصر أربعا حرمه الله على النار

«Кім де кім Екінтіден алдын төрт ракағат оқыса, Алла оны тозақ отына харам етеді»[2].

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл намазды төрт немесе екі ракағат оқығандығы туралы деректер келген[3].

Осы хадистерді негізге ала отырып Ханафи мәзһабының ғұламалары екінтіден бұрын нәпіл намазын оқу мустаһаб деген[4]. Бұл намазды екі немесе төрт ракағат етіп оқуға болады[5]. Оны екінті намазының уақыты кіргеннен бастап қамат айтқанға дейін оқиды. Қамат айтылғанда және екінті намазынан кейін нәпіл намаз оқылмайды.

Қорытындылай келе, екінті намазынан алдында нәпіл оқыған адам Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде айтылғандай Алланың мейіріміне бөленеді әрі тозақ отына түспеуіне себеп болады.

  

Тамирлан Дарханұлы, 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша

пәтуаға жауапты маман

[1] Тирмизи, №1271.

[2] Табарани жеткізген хадис.

[3] Әбу Дәуіт риуаят еткен.

[4] Құдури, 131.

[5] Хашияту ибн Абидин, 1/452.