Хайызы келген әйелдердің Құранды ұстауына болады ма? 2316

Хайызы келген әйелдердің Құранды ұстауына болады ма?

03 қаңтар 2023 121 Оқу 1 минут

Ханафи, Шафиғи және Ханбали мазһабтарының көзқарасы бойынша хайыз немесе нифасы келген әйелдердің жүніп күйіндегі адам секілді Құран Кәрімді оқуларына болмайды. Өйткені, Алла елшісінің (с.ғ.с.) «Хайызы келген әйел және жүніп күйіндегі адам Құраннан ешбір нәрсе оқи алмайды», - деген (Тирмизи және Ибн Мәжә риуаяты). 

Бұл жалпылама көзқарастан бөлек аталған үш мазһабтың ішінде әртүрлі өзгеше ижтиһадтар да кездеседі. Айталық, ханафи   (дұға және зікір мақсатында  дұға мағынасын қамтыған аяттарды оқуға болатындығын айтса, шафиғилер тілді қимылдатпастан Құран Кәрім кітабына қарап отырып жүрекпен немесе оймен оқуға болатындығын, ал ханбалилар Құран оқу мақсатынсыз бисмиллә, әлхамдулиллә және т.б. зікірлер қамтылған аяттарды оқуға болатындығын баяндаған   

Ал мәлики мазһабында екі түрлі көзқарас бар. Мәлики мазһабының кейінгі кейбір ғұламалары бұл екі көзқарастың арасынан хайыз күйіндегі әйел кісі ұстаз болған жағдайда үйрету мақсатында Құран Кәрім кітабын ұстауына және Құранды оқуына болатындығын баяндаған көзқарасты хош көрген 

Қазіргі таңда Құран үйрету ісінің кешеуілдеп қалмауы үшін мәлики мазһабының аталмыш көзқарасымен амал етуге болады деген ойдамыз. Дегенмен, жаңа заманда Құран үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдері бар болғандықтан, қазіргі заманғы әйелдер қауымының Құран оқушы кісілерді тыңдап немесе телефон, планшет, компьютер сынды түрлі құрылғылардан Құран аудиоларын естіп, аяттардағы әрбір сөзді жеке-жеке сөз ретінде оқуларына да мүмкіндіктері бар. Ендеше, осы бір тәсіл жоғарыда баяндалған тартысты көзқарастардың арасынан жол тауып шығу тұрғысынан ең ықтиятты тәсіл болып табылады.