Имамға ұйыған адам іштей сүрені оқи ма?
Ханафи мәзһабында қырағат қылу – намаздың рүкіні. «Фатиха» сүресін оқу уәжіп, ал имамға ұйыған адам сүре оқымайды. Құран Кәрімде: «Қашан Құран оқылса, оған құлақ салып тыңдаңдар да үндемеңдер. Әрине мәрхеметке бөленесіңдер»[1].