ҚАБІРДЕ ТҮНЕУГЕ БОЛА МА? 2303

ҚАБІРДЕ ТҮНЕУГЕ БОЛА МА?

04 желтоқсан 2022 345 Оқу 1 минут

        Ассалаумағалейкум! Қабірге баруға, оны зиярат етуге шариғатымызда рұқсат. Себебі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с ): "Қабірді зиярат ету өлімді еске түсіреді"  деген.

         Ал енді қабірге түнеуге болама  деген сұрақты екіге бөліп қарастыруға болады.

         Бірінші – біз үлкендерден "Егер далада қалсаң, молға барып  түне» дегенді  естейтінбіз. Бірақ, кейбір кітаптарда моланың ішінде жын-шайтандар паналайды деген. Моланың ішіне түнеген жағдайда жын-шайтанның адамға зияны тиюі мүмкін бе? Жалпы алғанда моланың басына түнеуге бола ма? деген сұрақтарға жауабымыз.

        Егер айдалада адасып кеткен кісіге амалсыздан мазарға түнеуіне рұқсат. Бұл жағдайда ішінен  Құран сүрелерін оқып  жатқаны  абзал.

        Екінші – қабірді басу, оған отыру, дәрет сындыру және қабірде ұйықтау "мәкрүһ" дейді ғалымдарымыз. Бұған байланысты Сахих Муслимде риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с): "Әлдекімнің шоққа отырып, киімін өртеп, терісін күйдіріп алуы қабірге отыруынан анағұрлым абзал", – деген. Бұл хадис қабірде ұйықтаудың да мәкрүһ екенін меңзеп тұр. 

        Сонымен қатар біздің кейбір қазақ бауырларымыз  мола, қабір аралап сол жердегі өмірден өткендерден  байлық, балалы бола алмай жүргендер бала сұрап жатады. Алайда, қасиетті Құран Кәрімде "Күллі аспан әлемі мен жердің бар билігімен иелігі бір Аллаға тән. Ол қалағанын жаратады.Қалағанына қыз сыйлайды (береді),қалағанына ұл сыйлайды (береді). Яки қалағанына ұл мен қызды бірге береді. Сондай-ақ қалағанын бедеу етеді. Шүбәсіз, Ол бәрін білуші, бәріне толық құдіретті" деген аятқа көңіл аударсақ, бір Аллаға сиыну мен дұға жасау керектігін білдіреді.