22 Шәууәл
«Отбасы және ұрпақ тәрбиесі» семинары өтті 4313

«Отбасы және ұрпақ тәрбиесі» семинары өтті

13 наурыз 2025 166 Оқу 1 минут

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Ақтөбе қаласындағы Бақытжан мешітінде Рамазанның екінші онкүндігінде «Отбасы және ұрпақ тәрбиесі» атты танымды әрі құнды семинар өтіп, оған 23 әйел адам қатысты. 

Мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова «Ұрпақ тәрбиесі» тақырыбында насихат айтты. Ел ертеңі дегеніміз ұрпақ тәрбиесіне жете көңіл бөлу, “баланы жастан” деп бар ұлттық құндылықтар мен рухани тәрбиені бала жастан сіңіру, сондай-ақ ардақты Пайғамбврымыз Мұхаммедтің (оған Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бала тәрбиесіндегі негізгі ұстанымдары жайлы тоқталды.

Ал Ақтөбе қаласындағы «Нұрлы білім» орталығының қалаушысы, педогог Гүлзия Темірханқызы жиналған жамағатқа баланың даму ерекшелігі, ойлауы мен қабылдауы, зейін, бала тәрбиесіндегі телефонның кері әсері, бала тілінің кеш шығуы секілді тақырыптарда слайд қолдану арқылы жан-жақты талдап, түсіндіріп берді.

Шара қортындысында қатысушыар баланың нейропсихологиялық дамуы бойынша сұрақтарын қойды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі