Шалқар: «Өмір құндылықтары» атты дөңгелек үстел өтті 2700

Шалқар: «Өмір құндылықтары» атты дөңгелек үстел өтті

25 мамыр 2023 276 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының #6 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-11сынып оқушыларына арналған «Өмір құндылықтары» атты дөңгелек үстел болып өтті. Шараға аудандық полиция бөлімінің полиция капитаны Е.Нағымбаев, жастар ресурстық орталығының психологы Л.Есмағамбетова, «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Ж.Тлеубай және аудандық аурухананың жасөспірімдер дәрігері Г.Калжанова, аудандық емхана психологы Ү.Елекбаева қатысты. Шара басын орталық психологы бастап келген қонақтармен таныстырып, оқушыларға «Стресс және депрессия» тақырыбында слайд көрсету арқылы тақырыпқа шолу жасады. Сонымен қатар мамандар оқушыларға өмір құндылықтары жайында, сондай-ақ суицидтің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, видеороликтер көрсетті. Шара соңында емхана психологы оқушыларға психологиялық тренинг өткізді. Оқушылар ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі