2025 жылдың алғашқы «Сұрақ-жауап алаңы» өтті 4040

2025 жылдың алғашқы «Сұрақ-жауап алаңы» өтті

14 қаңтар 2025 147 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде және қала, аудан, ауылдық мешіттерде жұма намазынан кейін жамағатпен кері байланыс мақсатында 2025 жылдың алғашқы «Сұрақ-жауап алаңы» өтті. Жамағат арасынан ақида мен фиқһқа байланысты өздерін жиі мазалап жүрген сұрақ қойылып, дін мамандары тұщымды жауап берді. Уаладдоллиндегі додты зодпен айтуға болады ма?, Сапар намазы жамағатпен оқығанда неше ракат оқылады?, Мәсіні дәретпен киіп, дәрет бұзылмай шешсе, дәрет бұзылады ма?, Сапардағы дәретке су табылмаса тайаммумды алса болады ма?, Қыста қалай тайаммум алынады? Секілді сұрақтар қойылды. Еске салсақ, «Сұрақ-жауап алаңы» әр жұма күні жалғасын табады.