Мәйітті жуу мен кебіндеу туралы дәріс өтті 1103

Мәйітті жуу мен кебіндеу туралы дәріс өтті

16 қараша 2021 361 Оқу 1 минут

 Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде мәйітті жуындыру және кебіндеу рәсімімен таныстыру дәрісі өтті. 

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Сұлтанов ерлер жамағатына ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің бекітуімен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының мазмұнына бойынша қысқаша шолу жасап, мәйітті жуындыру мен кебіндеу рәсімдерінің әрқайсысына жекелей тоқталып, қуыршақ манекен арқылы мәйітті жуындыру тәртібін іс жүзінде көрсетті.

Сонымен қатар адамның дәм-тұзы таусылар сәтте иманын үйіріп, оған кәлима сөздерін қайталап отыру сынды әдеп-амалдар, мәйітті жуындыру кезінде сақтық шараларын ескеру, мәйіттің әуретіне қарамау, ерді ер, әйелді әйел адамның, мүмкін болса ет-жақындарының жуындыруы, мәйітті кебіндеу, жерлеу рәсімдерінің реттілігі, жаназа намазы туралы егжей-тегжейлі айтып, түсіндірілді.

Одан өзге дәрісте діни жоралғылардың дәстүрмен сабақтастығы туралы да қамтылды.

Дәріске қатысушы шәкірттер тақырып аясында қосымша сұрақтарын қойып, өздеріне қажетті мол мағлұмат алды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі