«Нұр Ғасыр» мешіті: 50 шәкірт емтихан тапсырды 3158

«Нұр Ғасыр» мешіті: 50 шәкірт емтихан тапсырды

22 желтоқсан 2023 2987 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде оқу жылының алғашқы 3 ай мерзімінде білім алып жатқан шәкірттерден емтихан алынды.Сынақ тәжуид ережелері, иман негіздері, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірбаянынан және ислам ғылымхалы пәндерінен тест түрінде болды.

Айта кетсек, емтиханға 50 шәкірт қатысып, 81-100 бал арасында 17 шәкірт, 51-80 бал арасында 27 шәкірт және 6 шәкірт 21-50 балдық көрсеткішпен алғашқы деңгейді аяқтады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі