Шәкірттерге танымдық сабақ ұйымдастырылды 6439

Шәкірттерге танымдық сабақ ұйымдастырылды

06 маусым 2026 24 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіндегі жазғы сауат ашу курсының шәкірттеріне арналған танымдық сабақ өтті. 

Ізгілікке басталған сабақта еліміздің Туы, Елтаңбасы және Әнұранының тарихы мен маңызы туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздерге қатысты сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, түрлі танымдық ойындар ұйымдастырылды.

«Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақтың ел тарихын құрметтеп, мемлекеттік рәміздерді қадірлеуіне, патриоттық рухының қалыптасуына оң әсер етеді» деді Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова.

Шәкірттер белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салды. Ойын жеңімпаздары марапатталып, балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған тәрбиелік насихат жүргізілді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі