Жат діни ағымдардан сақтандыру бойынша ақпараттық түсіндіру жұмысы жасалды 4079

Жат діни ағымдардан сақтандыру бойынша ақпараттық түсіндіру жұмысы жасалды

28 қаңтар 2025 106 Оқу 1 минут

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хәзіреттің бағдарлық баяндамасына орай, 4 бағыттың бірі — жат діни ағымдардан сақтандыру бойынша Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков пен Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің имамы Асан Жетписбаев «№8 ЖОББМ» КММ-нің оқушыларымен «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында кездесу өткізіп, басқада діни сұрақтарға жауап берді.

Кездесу барысында имамдар ата-баба дәстүрімен біте қайнасқан Әбу Ханифа мәзһабының ерекшеліктері, қазақ елінен шыққан діни қайраткерлердің өмір тарихы мен діни ұстанымдарына тоқталып, жат діни ағымдардың белгілері мен олардан сақтанудың жолдарын көрсетті.

Аталған кездесуге 22 оқушы қатысып, өздерін толғандырған діни сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі