#Рамазан2026: «Рамазан – адал қоғамды қалыптастыратын ай» атты шара өтті
Ақтөбе қаласында «Сүлеймен ата» мешітінің ұстазы Қайрат Дәрменовтың ұйымдастыруымен мешіт жамағатына ауызашар барысында «Рамазан – адал қоғамды қалыптастыратын ай» атты тақырыпта шара өтті.
Мешіт ұстазы ҚМДБ-ның биылғы жылды «Ислам және адал қоғам» жылы деп жариялауын, бұл бағыт – қоғамдағы уақыт талабы мен ұрпақ тәрбиесінің маңыздылығы екендігіне тоқталды.
Сонымен қатар бабаларымыздың адалдықпен бойындағы ізгі қасиеті шыншылдық тақырыбында насихат айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі









































