«Жастар және ізгі қоғам» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды 2394

«Жастар және ізгі қоғам» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды

31 қаңтар 2023 148 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұйымдастыруымен ҚМДБ Жастар ісі секторының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Еламан Кәрім «Жастар және ізгі қоғам» тақырыбында мешіт жамағатына насихат айтты.
Ақшам уақытында бас қосқан мешіт жамағатына сектордың жауапты өкілі ізгі қоғамдағы жастардың орны туралы жіті тоқталып өтті. Сонымен қатар жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап беріп, татулық мен бірлікке шақырды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі