20 Сафар
Ақтөбе: Имамдардың білім жетілдіру курсы өтті 4622

Ақтөбе: Имамдардың білім жетілдіру курсы өтті

25 маусым 2025 73 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның  жылдық жоспарына сәйкес Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты аудан, ауыл имамдарына арналған білім жетілдіру онлайн курсы өтті.

Аталған курс діни қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, рухани білімін жетілдіру және қазіргі қоғамда имамдардың атқаратын рөлін нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Оқу бағдарламасын ҚМДБ тарапынан бекітілген оқу жоспарына сәйкес Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов және Ақтөбе қаласындағы «Әл Латиф» мешітінің бас имамы Қанат Қасымов жүргізілді.

Курс барысында қатысушылар Құран ілімі, фиқһ негіздері, уағыз айту әдістері, діни сұрақтарға жауап беру мәдениеті, ҚМБД концептуалдық құжаттары сынды бағыттар бойынша дәрістер тыңдады.

Одан өзге зайырлы қоғамда діни қызмет атқарудың ерекшеліктері, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу, жастар арасында діни ағартушылық жұмыстарды жүргізу тәсілдері де кеңінен қамтылды.

Курс қорытындысында аудан имамдары ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, аталған курстардың дін қызметкерлері үшін аса маңызды екенін атап өтіп, алдағы уақытта да жүйелі түрде өткізіліп тұрса деген ұсыныс білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі