Хромтауда Ихсан кітабы таныстырылды 704

Хромтауда Ихсан кітабы таныстырылды

03 тамыз 2021 114 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің жамағатына, аудандық өлкетану музейі мен кітапхана ұжымына «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының таныстырылымы өтті.

ҚМДБ-ның Хромтау аудандық "Нұр" мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» таныстыра келе, «Соңғы жылдары қазақ тілінде жарық көрген діни әдебиеттердің саны көбейіп келеді. Солардың ішінде бұл кітаптың орны ерекше. «Жаратушы Аллаға ихсан», «Тұлғалық ихсан» және «Ихсан және қоғам» атты үш негізгі бөлімнен тұратын бұл туындыны қазіргі қоғам сұранысына жауап бере алатын бірегей еңбек десек, артық айтқан болмаспыз», - деп айтты.

Сонымен қатар бас имам "Ихсан – рухани тәрбие негізі" атты кітабын мешіт ақсақалы Асқар Джанадиловқа, аудандық өлкетану музейі мен кітапхана қорына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан сыйлыққа табыс етті.

Шара қортындысында жамағаттың бұл еңбекпен етене танысуы үшін «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының бірнеше данасы ғибадат үйіндегі кітап сөрелеріне қойылды.

Айта кетейік, ҚМДБ жанындағы «Muftiyat» баспасынан жарық көрген бұл танымдық кітап еліміздің түкпір-түкпіріне 10 мың данамен таралды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі