Дін мен дәстүр үндестігі: Ашық есік күні өтті
Ақтөбе қалалық орталық мешіті мен Ассамблеялар үйінің ұйымдастыруымен қала тұрғындарына арналған «Ашық есік күні» атты тағылымды іс-шара өтті. Бұл бастама – қоғам мен дін өкілдерінің арасындағы байланысты нығайтып, рухани ағартушылықты арттыруға шақырады.
Шараға Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Мырзабек Хамитов арнайы қатысып, жиналған жұртшылықпен еркін форматта сұхбат құрды. Қатысушылар көкейде жүрген діни және әлеуметтік бағыттағы сұрақтарына жауап алып, салиқалы ой мен рухани тәлімге қанықты.
Іс-шараның мақсаты – қоғамдағы діни сауаттылықты арттыру, түрлі этнос өкілдерінің бірлік пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастығын нығайту, Ислам дінінің шынайы бейбіт сипатын кеңінен таныту болды.
Аталған шара – дін мен дәстүр үндестігін тереңірек түсінуге мүмкіндік беріп, көпшілікке имандылық пен ізгілікке бастар жолға үндейді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі









































