Хромтау: Умра қажылығына дайындық
Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы ақпан айында қасиетті Мекке мен Медина қалаларына Умра қажылығына баратын Хромтау ауданы тұрғындарына семинар өткізді.
Оқыту семинарында бас имам 0ажылық сапарына шықпастан бұрын атқарылу керек рухани және материалдық дайындықтың қалай болу керектігін түсіндірді.
Қажылық және Умраның әдептері мен мәдениетін, құлшылықтың атқарылу барысындағы шарттары мен тыйым салынған істерді, сондай-ақ дұғалар мен зиярат әдептерін үйретті.
Сонымен қатар, еліміздегі қажылыққа апаратын туроператорлар мен турагенстволардың айырмашылығына тоқталып, алаяқ компанияларға алданып қалмау үшін жергілікті аудандық мешіттегі қажылық бөліміне келіп діни маманнан ақпарат алуға шақырды.
Алла Тағала қажылыққа аттанып жатқан бауырларымыздың ниетін қабыл етсін!!!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі