Жастар секторы басшысы жастармен кездесті
ҚМДБ «Жастар» секторының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Аслан Қорған Хромтау ауданыны барды. Хромтау қаласы “Жастар ресурсы” орталығында қаланың жастарымен кездесіп “Жастар тәрбиесі және Ихсан ілімі” атты өңірлік семинар өткізді. Аталған шараға шамамен 30-ға жуық Хромтау қаласының белсенді жастары қатысты.