3 Зул-Хиджа
Облыс Бас имамы арнайы Хромтау ауданына барды 4437

Облыс Бас имамы арнайы Хромтау ауданына барды

20 сәуір 2025 268 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев арнайы жұмыс сапарымен Хромтау ауданына барды. Сапары барысында аудандық «Нұр» мешітінде «Тазалық» тақырыбында жұма уағызын айтып, жұма намазын жүргізді. Намаздан кейін жамағат тарапынан қойылған күрделі діни сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай аудандық мешітке өтініш білдірген 35 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратты. Аналар имамдарға алғысын айтып, баталарын берді.

Кейін «Исламдағы жастардың орны» тақырыбында аудандағы жастармен кездесті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, жастардың әрқашан еріктілер қатарынан табылатындығын атап өткен Амантай Әбілдаұлы, бұл істің сауабы мол екендігін тілге тиек етіп, жастарға ағалық ақыл-кеңестерін айтты. Әсіресе жастық шақта бойда күш-қуат пен жігер бар кезде қоғамға қызмет етудің маңызына тоқталып, жастарға бағыт-бағдар көрсетті.

Сапар соңында аудандық және ауылдық мешіттерді аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Жергілікті имамдарға әдістемелік көмек көрсетті.