#Рамазан2026: Ақтөбе облысында  61 мешітте 165 000-нан аса адам алғашқы тарауық намазын оқыды 5957

#Рамазан2026: Ақтөбе облысында 61 мешітте 165 000-нан аса адам алғашқы тарауық намазын оқыды

19 ақпан 2026 87 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде 61 мешітте 165 000-нан аса адам алғашқы тарауық намазын оқыды. 

Айлардың сұлтаны Рамазаның алғашқы күні өкілдікке қарасты облыс, қала, аудан,, ауыл мешіттерінде Рамазанның ресми ашылу, құттықтау салтанаты болды. Облыстың Бас имамы Амантай Салиев жиналған жамағатқа Рамазан айының қадір-қасиеттері туралы ал облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов тарауих намазының 20 ракағат оқу қажет екендігі туралы кеңінен түсіндіріп берді.

Сонымен қатар жамағатқа ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің қасиетті айға үндеуі мен құттықтауына жеткізді.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде облыстың бас қариы, облыстық мешіттің наиб имамы Бекжан қари Хатым Құран оқиды.

Тарауық намазының алғашқы күнінде әр мешітте Хатым Құранын оқитын қариларды жамағатқа таныстырды. Одан өзге әр мешітте имамдар он екі айдың сұлтаны туралы насихат айтты.

Алла Тағала Рамазан айындағы ұстаған оразамызды, ғибадат-құлшылықтарымызды қабыл еткей! Кемеллік айында рухани жанарайық!

Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі