Әйелдерге «Мәйітті жуып, кебіндеу» атты практикалық сабақ өтті
«Бақытжан» мешітінің ұстазы Қойшығұлова Анар мешіт шәкірттеріне мәйітті жуындыру, кебіндеу рәсімдері туралы түсіндіріп, дәріс өткізді.
Мәйітті жуындыру кезінде сақтық шараларын ескеру, ерді ер азамат, әйелді әйел кісінің, мүмкін болса ет-жақындарының жуындыруы, мәйітті кебіндеу, жерлеу рәсімдерінің реттілігі, жаназа туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Сонымен қатар, діни жоралғылардың дәстүрмен сабақтастығы туралы да қамтылды. Танымдық дәріске де қатысушылар тақырып аясында қосымша сауалдар қойып, өздеріне қажетті мағлұмат алды.
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram