«Жастар ісі» секторы «Қарамашық» мешітінің құрылысына 2 000 000 тг қаражат табыстады
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілінде «Жастар ісі» секторының жауапты өкілі Аслан Қорғанның бастамасымен Ақтөбе қаласындағы Есет батыр (бұрынғы Нұр-сити) ықшам ауданында бір мезетте сыйымдылығы 3000 адам сиятын «Қарамашақ» мешітінің құрылысына 2 000 000 тг қаражат табысталды.
Игі істің сауабы жайлы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) : «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды»,-деп сүйіншілеген. Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар шұғылданған қадірлі іс болғандықтан оның сауабы да көл көсір екендігін ұмытпауымыз керек. Сауабы үзілмейтін амалға атсалысқан әр жанға Алла Тағала разы болсын!
Аталған мешіт қалада облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінен кейінгі зәулім мешіттің бірі. Күмбезі, мұнарасы қазақы нақыштағы үлгіде қарастырылған.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі













































