ЕЛОРДАДА «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЕРІКТІЛЕР ФОРУМЫ ӨТЕДІ 2265

ЕЛОРДАДА «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЕРІКТІЛЕР ФОРУМЫ ӨТЕДІ

15 қараша 2022 90 Оқу 1 минут

16 қараша күні елордасы Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» атты бірінші республикалық еріктілер форумы өтеді.

Форумға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған мүфтият ұжымы мен дін қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ еліміздің әр аймағынан келген зекет өкілдері, еріктілер қатысады.

Ауқымды іс-шараның мақсаты – республика бойынша кеңесті жинап, «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» еріктілерінің тұғырнамасы», «еріктілер күні», «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» еріктілерінің жылдық жоспарын бекіту және «Үздік қайырымдылық жобаны» таңдау, «Жыл жанашырын» анықтау және қазіргі таңдағы атқарылып жатқан жобаларды таныстыру.

Өтетін орны: Астана қаласы, Қарасаз к-сі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғимараты, «Al Farabi» мәжіліс залы.

Өтетін күні: 16 қараша, 2022 жыл.

Басталуы: Сағат 10:00

Қосымша ақпарат үшін:

Әли Мырзақұлов: +7 7702 453 9393
Нұрбол Нұрсұлтанов: +7 776 465 3009
Әсел Нұрпейісқызы: +7 775 826 9990