«Пайғамбарға хат» атты эссе байқауы өтті
Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде Мәуліт айына орай шығармашылық байқауы өтті.
Дода барысында әйелд жамағаты «Пайғамбарға хат» атты эссе жазып, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен білімдерін сынға салды.
Шара барысында мешіт ұстазы Гүлсара Әлібекқызы байқау шарттарын түсіндіріп өтті.
Сайыс нәтижесін шығару барысында қазылар алқасының төрағасы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Хромтау аудандық филиалының төрағасы Айбол Сағынжанұлы әр жұмыстағы эссе талаптарының сақталуын ерекше назарда ұстады.
Ал марапаттауда Хромтау ауданының Бас имамы Марал Иманғали әр қатысушыға алғыс айтып, сыйлықтар табыстады.
Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Сәуле Қожина иеленсе, екінші орын Кеукенова Гүлмираның еншісіне бұйырды. Сонымен қатар Омарова Нұрайдың жұмысы үшінші орынға лайық деп танылды. Одан өзге өзге қатысушыларға да ынталандыру сыйлықтары үлестірілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі











































