Наиб имам білімін шыңдады 2346

Наиб имам білімін шыңдады

07 қаңтар 2023 164 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандарыдіни басқармасы мен Мысыр Араб Республикасының әл-Азһар университеті арасындағы екіжақты келісімге сәйкес, қазақстандық имамдар үшін 2 айлық курс ұйымдастырылып, біліктілікті арттыру курсына Ақтөбе облысының атынан Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Марал Иманғали қатысып, білімін шыңдап қайтты. 

Діни экстремизмге қарсы біліктілікті арттыруға арналған курсқа қатысқан имамдарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Манал әл-Сайед Яхья әл-Шиннауи ханым арнайы сертификат табыстады.

Айта кетейік, аталған курсқа 76 имам қатысып, діни саладағы білім тәжірибелерін кеңейтті.

Облысымыздан қатыстан Марал Иманғалиұлының дін жолындағы қызметіне толағай табыстар тілейміз!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі