Ақтөбе: Рамазанның 3-ші 10 күнінде 2546 отбасыға қайырымдылық жасалды (ФОТО)
Қасиетті Рамазан айының 3-ші 10 күнінде ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты облыс, қала, аудан, ауыл мешітінің имамдары 2546 отбасыға қайырымдылық жасап, 43 мешітте 54 000 адамға ауызашар және 3000 адамға сәресі дастарханын жайды.
Атап айтсақ, Рамазанның тозақтан азат ету 10 күндігінде «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі 3 отбасыға баспана табысталды. Ал «Қолдан-қолға» жобасы бойынша 21 отбасыға қаржылай, «Рамазан тәттісі» жобасы аясында 160 балаға тәттілер салынған қораптар, «Рамазан сыйы» атты 124 балаға сый-сияпат, «Рамазан қоржыны» жобасы негізінде 537 отбасыға 9 тоннаға жуық азық-түліктей, «Зекетті насихаттау» жобасы бойынша 87 отбасыға қаржылай, «Ауызашар қоржыны» жобасында 740 адамға ауызашар себеттері таратылып, 54 000 адамға облысқа қарасты 43 мешітте (мүмкіндігі шектеулі жандар, аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар т.б), «Ақтөбе» медресе-колледжі мен Ас-Салам қайырымдылық мекеме» жеке мекемесі және
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті Ақтөбе қаласындағы дайындық курсында ауызашарлар және Қадір түні қарсаңында 3 000 адамға сәресі берілді.
Игі іске демеуші жасаған кәсіпкерлердің кәсібіне Алла Тағала береке нәсіп еткей!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі