Рухани келісім күніне арналған салтанатты жиын өтті
Ақтөбе қаласында Рухани келісім күніне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – қоғамдағы рухани келісімді нығайту, конфессияаралық өзара құрмет пен түсіністікті дамыту, сондай-ақ азаматтық бірлік пен тұрақтылықты сақтауға үлес қосу.
Жиынға діни бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар және қоғам қайраткерлері қатысты.
Кездесу барысында Ақтөбе қаласының қаласының Бас имамы Алмат Әли «Ұлттық дәстүрлерді сақтау – қоғамды дамытудың құралы» тақырыбында баяндама жасады.
Алмат Әли ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтардың қоғам бірлігін арттырудағы, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі және адамдар арасындағы сыйластықты қалыптастырудағы рөліне ерекше тоқталды.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































