Ақтөбе облысы зираттарына сенбілік жасалды 2671

Ақтөбе облысы зираттарына сенбілік жасалды

29 сәуір 2023 447 Оқу 1 минут

ҚМДБ жанынан ашылған «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының «Өткенге құрмет – тіріге міндет» атты бастамасымен Республика көлемінде облыс, аудан, ауылдық жерлердегі мұсылмандар жерленген зираттардың басы, ауласы тазаланып, сенбілік өткізілді.

Ақтөбе облысы имамдары мен Ақтөбе облысы тұрғындары, мешіт жамағаты о дүниелік болған ата-бабалары және жалпы мұсылмандардың қабірлерін әртүрлі қоқыс, ластықтардан тазартып, оған облысқа қарасты қала, 12 аудан, ауыл тұрғындары атсалысты.

Асыл дініміз ислам адамның тек тірі кезінде ғана емес, оларға өмірден өткен соң да құрмет көрсетуге шақырады. Марқұмның артындағы қалған жақындары оған Құран бағыштап, қабірін зиярат етіп, оның басына тазалық жұмыстарын жүргізгені абзал.

Тазалық іс-шарасы барысында имамдар келген жамағатқа ақыреттің сатыларының алғашқы сатысы – қабір әлемі, қабірдегі сұрақ-жауап, махшар алаңындағы есеп-қисап жайлы уағыз-насихат айтып, оларға Алланың разылығын тіледі. Артынша қабірде жатқан марқұмдарға Құран бағыштап, Алланың оларға рақымын тіледі.


Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі