Имамдар «Досжан Хазірет» пен «Есет Көкіұлы батыр» кесенесіне зиярат жасады 5059

Имамдар «Досжан Хазірет» пен «Есет Көкіұлы батыр» кесенесіне зиярат жасады

08 December 2025 69 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Досжан Хазірет», «Әл Ләтиф» және «Ар Рахим» мешіттерінің имамдары мен жамағаты «Дархан дала» отандық туризм жобасы бойынша Темір ауданында болды. 

Сапар барысында аудан орталығы Шұбарқұдық кентінде «Досжан Хазірет» кесенесіне зиярат жасады.

Одан өзге Алға ауданы, Бестамақ ауылындағы «Есет Көкіұлы батыр» кесенесіне барды. Жалпы рухани сапарға 20 адам қатысты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі