Жайсаң ауылында «Qamqor-Sharapat» жұмысы таныстырылды 5108

Жайсаң ауылында «Qamqor-Sharapat» жұмысы таныстырылды

19 желтоқсан 2025 98 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, облыс бойынша «Qamqor-Sharapat» орталығының директоры Мажит Абишев Мәртөк ауданына арнайы іс сапармен барды.

Сапар барысында наиб имам «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының қызметі бойынша ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Зират және зиярат мәдениеті туралы, орталық жұмысы жайлы толығырақ баяндады.

Одан өзге жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру, жаназа, ас беру кезіндегі дәстүр, әдеттерді жүйелеу бойынша жұмыс жоспарымен таныстырып, жерлеу рәсімінде діни қызметкер тарапынан атқарылатын діни рәсімдерден бастап құлпытастың шариғаттағы шарттары қандай болу керек жөнінде жіті түсіндірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі