Облыс бойынша «Qamqor-Sharapat» орталығының директоры Алға ауданына барды 5109

Облыс бойынша «Qamqor-Sharapat» орталығының директоры Алға ауданына барды

19 желтоқсан 2025 103 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, облыс бойынша «Qamqor-Sharapat» орталығының директоры Мажит Абишев Алға ауданына арнайы іс сапармен барды.

Арнайы сапар барысында аудан жамағатымен жүздесіп, аудандық «Хазірет Мұхаммедқазы Меңдіқұлы» мешітінде «Адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю» тақырыбында жұма насихатын айтты.

Одан өзге жамағатқа «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының қызметі бойынша ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Зират және зиярат мәдениеті туралы, орталық жұмысы жайлы толығырақ баяндады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі