«ИМАН» ЖУРНАЛЫ МЕН «МҰНАРА» ГАЗЕТІНІҢ МЕДИАСЕМИНАРЫ ӨТТІ 5107

«ИМАН» ЖУРНАЛЫ МЕН «МҰНАРА» ГАЗЕТІНІҢ МЕДИАСЕМИНАРЫ ӨТТІ

19 желтоқсан 2025 88 Оқу 1 минут

Еліміздің бірнеше облыс орталығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл басылымдары «Иман» журналы мен «Мұнара» газетінің медиасеминары өтті.

Еліміздің бірнеше облыс орталығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл басылымдары «Иман» журналы мен «Мұнара» газетінің медиасеминары өтті.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес аталмыш газет-журнал қызметкерлері өңірлердегі дін қызметкерлерімен жүздесіп, басылымдарға қатысты ой-пікірлерін, ұсыныстарын тыңдады. Сондай-ақ әртүрлі тақырыпта имамдарға семинар өткізді.

Атап айтқанда, «Иман» журналының директор-бас редакторы Кеулімжай Құтты «Фактчекинг: Шынайы және жалған ақпарат», «Газет-журнал оқудың қажеттілігі» тақырыптарында, «Мұнара» газетінің директоры Ағабек Қонарбайұлы «Газет-журналдың насихат бағытындағы рөлі» тақырыбында, газеттің бас редакторы Серікбол Хасан «Медиадағы уағыздар» тақырыбында және журналдың жауапты хатшысы Ермұрат Назарұлы «Діни мақала жазуға жасанды интеллект құралдарын қолдану» тақырыбында құнды ақпараттар бөлісті.