Шалқарда білім сайысы өтті 524

Шалқарда білім сайысы өтті

16 ақпан 2021 114 Оқу 1 минут

«Құран күллі ғылымның атасы» деген атпен Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінде білім сайысы өтті. Мешіт жамағаты арасында өткен жарысқа 18 үміткер қатысты. Сайыс тест және ауызша сұрақ түрінде болды. Қатысушылар мен көрермендерге арнайы дастархан жайылып, «Білім әрбір адамның жоғалтқан қазынасы» тақырыбында найб имам Ерлан Жәдігерұлы ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізді.

Сайыс нәтижесі бойынша 1-орынды Раев Мадияр, 2-Раев Дінмұхаммед, 3-орынды Аймағанбетов Нұраулет және Жұбатқанов Санжар атты жастар иеленді. Бірінші орынға 15 000 теңге, екінші орынға 10 000 теңге, 3-орындарға 5 000 теңгеден жүлде берілді. Сондай-ақ, басқа да қатысушыларға ынталандыру үшін сыйлықтар тарту етілді.

Шараның негізгі мақсаты - жастардың діни білімін жетілдіріп, теріс ағымның арбауынан сақтау болып табылады.


Шалқар аудандық мешітінің баспасөз қызметі