Ақтөбеде жастар арасында боулингтен турнир өтті
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен Құрбан айт мейрамын қортындылау мақсатында 100-ге жуық жастың қатысуымен қала мешіттері арасында ашық боулингтен турнир ұйымдастырылды.
Турнирге “Құранға қызмет”, “Аңсар”, “Ихсан” орталықтары және Ақтөбе жайдарман жұлдыздары қатысып, жарыс жоғары деңгейде, өте тартысты әрі қызықты өтті.
Шараға Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев, сондай-ақ қаланың имамдары арнайы қатысып, жастарға жүрекжарды лебіздерін білдіріп, жеңімпаздарды марапаттап, сыйлықтар табыстады.
Жарыс қортындысы бойынша жеңімпаздар: 1 орын иегері «Досжан хазірет» мешіті (70 000 тг), ал 2 орынды «Бақытжан» мешіті (50 000 тг), 3 орынды «Сүлеймен ата» мешіті (30 000 тг) иеленді.
Одан өзге жақсы ойын көрсеткен топтарға Нұрсұлтан Рысмағамбетұлының “Олар Пайғамбарымызды ﷺ осылай көрді” атты кітап берілді.
⠀Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Айта кетсек, алдағы уақытта да осындай игі бастамалар жалғасын табады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі