#Рамазан2026: Облыстың Бас имамы: «Ақпараттық сағат» бағдарламасына сұхбат берді
Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев «Aqtobe» телеарнасындағы «Ақпараттық сағат» бағдарламасына сұхбат берді.
«Ораза айы – бүкіл әлемдегі мұсылман қауым үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі. Рамазан айы – береке мен мейірімнің, сабыр мен сауаптың сабақтасқан уақыты. Оразада мұқтаж жандарды қолдап, қайырымдылыққа үлес қосатын, иманын бекемдейтін мереке. Күнделікті тіршілік қамымен жүретін пенденің жүрегіне бұл айда иман нұры құйылады. Өйткені, ораза адамды тақуалыққа тәрбиелейді» деді Амантай Садиев.
Облыстың Бас имамы 1 сағаттық бағдарламада Рамазанның қадір қасиеті, оразаның сауабы туралы айтып берді. Журналист тарапынан қойылған әр сауалға жіті талдап, толыққанды жауап берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































