Ойылда жат діни ағымдардың алдын алу мәселелері талқыланды 6620

Ойылда жат діни ағымдардың алдын алу мәселелері талқыланды

13 тамыз 2026 19 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан жарияланған «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Ойыл аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесу өтті. 

Шараның басты мақсаты — құқық қорғау органдары қызметкерлерінің діни сауаттылығын арттыру және деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру.

Аталған жиынға Ойыл ауданының бас имамы Бақжарық Қызырұлы арнайы қатысты.

Басқосу барысында қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау, жат ағымдардың алдын алу және әлеуметтік желілерде тарайтын діни мазмұндағы ақпараттарға құқықтық әрі сыни тұрғыдан талдау жасау мәселелері жан-жақты қаралды.

Ауданның бас имамы баяндамасында діни ақпараттарды тек ҚМДБ-ның ресми әрі сенімді дереккөздерінен алудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ғаламтор кеңістігіндегі күмәнді уағызшылар мен деструктивті бағыттағы үгіт-насихат жұмыстарынан сақтану жолдарын заңнамалық шеңберде түсіндіріп өтті.

Жиын соңында полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға тұшымды жауаптар беріліп, өзара пікір алмасу шаралары ұйымдастырылды.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі