Ихсан ілімін насихаттауға арналған онлайн дәрісті Ақтөбе облысының Бас имамы бастады 735

Ихсан ілімін насихаттауға арналған онлайн дәрісті Ақтөбе облысының Бас имамы бастады

14 тамыз 2021 134 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен 10 тамыздан бастап @nur_gasyr инстаграм әлеуметтік желісінде күнделікті Ақтөбе уақытымен 20:00-де ихсан ілімін насихаттауға арналған онлайн дәрісі өтуде.

Алғашқы онлайн дәрісті Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы «Ықылыс» тақырыбында бастады.

Одан кейін Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Шынболат Үмбетов, «Нұрдәулет» мешітінің бас имамы Абат Жалимов, Мәртөк ауданының бас имамы Зарлық Ералин «Ниет»,«Жаратушы Алла Тағалаға махаббат»,«Құранға деген махаббат» тақырыптарында дәрістерін өтті.

Ал бүгін «Қайырқожа» мешітінің имамы Сұңғат Саметов «Пайғамбарға деген махаббат» тақырыбында онлайн дәріс жалғастырады.

Еске салсақ, биылғы жылы ҚМБД бекіткен 7 бағыттың бірі – ихсан ілімі.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі