Ақтөбеде «Дін үздіктері» марапатталды 4018

Ақтөбеде «Дін үздіктері» марапатталды

19 желтоқсан 2024 196 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының бастамасымен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында 2024 жылы дін саласында белсенді жұмыс жасап, мемлекеттік саясатты және ұлттық құндылықтарды насихаттауда, қоғам өміріне белсене араласып, діни тұрақтылықты қалыптастыруда зор үлес қосқан мамандарды анықтау мақсатында «Дін саласының үздіктері – 2024» байқауының марапаттау және жыл қорытындысы бойынша дін саласының мамандарына арнайы сыйлықтар табыстау шарасы өтті.

Жиында Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев, Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты Марат Қойлыбаев, Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев, облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Айгүл Дүйсенова «Дін саласының үздіктерін» марапаттап, сыйлықтар табыстады.

Байқау нәтижесіне сәйкес 5 номинация бойынша 7 адам жеңімпаз атанды.

«Үздік имам – 2024» номинациясымен Мәртөк аудандық орталық мешітінің бас имамы Иманғали Марал, «Үздік теолог – 2024» номинациясымен «Сүлеймен ата» мешітінің ұстазы Исаева Алтынай марапатталып, сыйлыққа ноутбук берілді.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысының әкімінің бастамасымен облысымыздағы діни ахуалды тұрақтандыруға белсенді үлес қосқан белсенді де үздік имамдарға «Шипагер» шипажайына арнайы жолдама табысталды.

Олардың қатарында:

Ақтөбе облысы, Мәртөк аудандық орталық мешітінің бас имамы - Иманғали Марал;

Ақтөбе облысы, Шалқар аудандық «Жанаман ахун Сейтімұлы» мешітінің бас имамы - Жетпісбаев Асан;

Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, «Рахман» мешітінің имамы -Шарткенов Бахытжан;

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарлы ауылдық мешітінің молдасы - Әкім Таңжарбай;

Жыл қорытындысы бойынша жат ағым өкілдерін оңалту жұмысында жақсы нәтиже көрсеткен «Бақытжан» мешітінің ұстазы Койшыгулова Анарға 450 000 теңге ақшалай сертификат табысталды.

Еске сала кетсек, осыған дейін «Дін үздіктерін» анықтайтын арнайы сайыс ұйымдастырылып, 2-3 кезең өтккізілген болатын.