Ырғыз: Насихат жұмыстары қолға алынды 519

Ырғыз: Насихат жұмыстары қолға алынды

15 ақпан 2021 126 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның «Жастар ісі» секторының Ырғыз ауданындағы өкілі Ақылбек Құрманғалиевтің ұйымдастыруымен ізгі шара қолға алынды. Атап айтқанда, апта сайын мешіт жамағатына арнаулы дастарқан жайылып, Бас имам Ардақ Жұмабекұлы белгілі дін ғұламасы Имам Нәуәуидің «Ізгілер бақшасы» атты хадистер жинағынан дәріс жүргізіп отыратын болады. Адамды рухани тәрбиемен сусындатып, әдеп пен көркем мінезге баулуды басты назарға алған «Ізгілер бақшасы» кітабында – Бұхари, Муслим сынды ең қуатты хадис жинақтарынан алынған таңдамалы хадистер топтастырылған.

Мақсат жамағаттың діни білімін арттырып, рухани сұранысына жауап беру. Түрлі жат ағымның жетегіне кетіп қалудан сақтап, ата дінінің әдептерін өмір салтына сіңіруге үлес қосу. Әсерлі уағыз тыңдап, өмірлік ұстанымдарын нықтағысы келетін әрбір аудан тұрғынын дәріске қатысуға шақырамыз.


 Ырғыз аудандық мешітінің баспасөз қызметі