Ырғыз: Аудан әкімі мешіт тынысымен танысты 512

Ырғыз: Аудан әкімі мешіт тынысымен танысты

12 ақпан 2021 138 Оқу 1 минут

Дұғалар қабыл болатын, қасиетті Жұма күні Ырғыз ауданының әкімі Әділкерей Сағидоллаұлы аудандық мешітке арнайы ат басын тіреп, ата-баба рухына Құран бағыштатты. Жуырда ғана жаңа қызметке кіріскен Әділкерей мырза Бас имам Ардақ Жұмабекұлымен сұхбаттасып, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты.

Халықтың рухани ордасы – Алла үйімен тығыз байланыста болып, елдің рухын көтеріп, діни сауатын арттыру мақсатында атқарып жатқан дін қызметкерлерінің орны ерекше екенін атап өтіп, алдағы уақытта аудан имамының тың бастамаларына қолдау білдіретіндігін жеткізді.

Өз кезегінде ауданның Бас мамы Ардақ Жұмабекұлы да қонаққа құрметін көрсетіп,  ҚМДБ тарапынан жарық көрген – Имам Матуридидің «Таухид» кітабының қазақша аудармасын сыйға тартты. Мешіт қызметкерлері елдің руханиятына қызмет етуге әрдайым әзір екендігін жеткізіп, қашан да елдің игілігі үшін еңбек етуден аянып қалмайтындығын айтты.

Ырғыз аудандық мешітінің баспасөз қызметі