Шалқарда «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің кілемдері жаңартылды 6628

Шалқарда «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің кілемдері жаңартылды

26 тамыз 2026 15 Оқу 1 минут

Биыл Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ашылғанына 34 жыл. Осыған орай, демеушілердің қолдауымен мешіт кілемі жаңартылды.

Бір мезетте 250 адамға дейін құлшылық ететін мешіттің 220 шаршы метр аумағына жалпы құны 1 720 000 теңге болатын жаңа кілем төселді. Бұған дейінгі кілем бес жыл бойы пайдаланылған.

Айта кетейік, кілем төсеу жұмыстарына мешіт жамағаты мен шәкірттері де белсене қатысып, қолғабыс етті.

Игі шара соңында Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков демеушілік жасаған азаматтарға және көмек көрсеткен жамағатқа алғысын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі