Наиб мүфти Абай облысына жұмыс сапарымен барды
ҚМДБ Төраға орынбасары, наиб мүфти, РАНТ мүшесі Сансызбай Құрбанұлы Абай облысына ресми сапармен келді. Сапар барысында бірқатар маңызды кездесулер мен уағыз-насихат жиындары өтті.
Алдымен наиб мүфти Абай облысы имамдарымен жүздесіп, «Ислам және отбасы құндылығы» тақырыбында семинар өткізді. Сонымен қатар, Абай облыстық Діни бірлестіктер басшылары клубының отырысына қатысып, Ислам дінінің береке-бірлік, ынтымақ пен толеранттылыққа ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
Сапар аясында Семей медициналық университетінің студенттерімен де кездесу ұйымдастырылды. Сансызбай Құрбанұлы жастарды «Жастық, бос уақыт, денсаулық және қайрат» нығметтерінің қадірін білуге үндеді. Сондай-ақ студенттердің медициналық мәселелерге қатысты қойған сауалдарына жауап беріп, ағза трансплантациясы, эфтаназия секілді мәселелер жөніндегі ҚМДБ пәтуаларын түсіндірді.
Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінде құптан намазы алдында насихат айтып, жамағатпен кездесіп, түрлі сұрақтарға жауап берді.





































