«Амангелді» ауылдық мешітінде балалар арасында жарыс ұйымдастырылды 6410

«Амангелді» ауылдық мешітінде балалар арасында жарыс ұйымдастырылды

29 мамыр 2026 43 Оқу 1 минут

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Ойыл ауданына қарасты «Амангелді» ауылдық мешітінде балалар арасында жарыс ұйымдастырылды.

Шараны мешіт имамы Жамаладдин Дүйсенов ұйымдастырып, бүлдіршіндерге ерекше қуаныш сыйлады. Жарыс барысында балалар түрлі ойындар мен сайыстарға қатысып, белсенділік танытты.

Аталған шара Құрбан айттың ізгілік, мейірім және қамқорлық секілді құндылықтарын дәріптеуге бағытталды. Мерекелік шара барысында балаларға 100 дана балмұздақ пен түрлі тәттілер үлестіріліп, бүлдіршіндердің қуанышты сәттеріне себеп болды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі