«Жұмадағы жүздесу»: 96-шы шығарылым түсірілді 6747

«Жұмадағы жүздесу»: 96-шы шығарылым түсірілді

22 қазан 2026 32 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның төл арнасы республикалық «Мұнара» телеарнасының Ақтөбе облысындағы аймақтық студиясында РАТТ мүшесі, журналист Ақтолқын Тажикованың авторлық «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасының 96-шы шығарылымы түсірілді. 

Сағи Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлнар Рамазанқызы мен Ш.Құдайбердіұлы атындағы 66 мектептің мұғалімі Диляра Ысқақ қонақ болып, «Кітап оқитын ұлт: Марафоннан — тұрақты әдетке» тақырыбында сұхбат берді.

Бағдарлама аясында республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонының мақсаты мен ережелері, өңір жетістіктері, жалпы кітапты оқытудың әдіс-тәсілдері туралы айтты.

Сұхбатты осы жұма күні яғни 23 қазан күні сағат 6:30, 11:00, 18:00, 20:30-да «Мұнара» арнасынан көре аласыздар. Әр шаңырақта «Мұнара» арнасы қосулы болғай! «

Мұнара» телеарнасы Отауда 20 арна, ID тв 23 арна, Ютубтан көру үшін сілтеме: https://www.youtube.com/@munaratv_arnasy

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі