Төртінші тоқсанға нақты міндеттер белгіленді 6692

Төртінші тоқсанға нақты міндеттер белгіленді

01 қазан 2026 17 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде ауданның бас имамы Марал Иманғалидің төрағалығымен жұмыс жиналысы өтті. Жиында үшінші тоқсанда атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, төртінші тоқсанда жүзеге асырылатын міндеттер айқындалды.

Кездесуде мешіттің діни-ағартушылық және қоғамдық бағыттағы жұмыстары сараланып, атқарылған іс-шаралардың нәтижелері талқыланды. Сонымен қатар мешіт қызметін одан әрі жандандыру, жамағатпен байланысты күшейту және жоспарлы жұмыстардың жүйелі орындалуын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Жиын барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы белгілеген негізгі бағыттар бойынша жұмысты күшейту қажеттігі айтылды. Атап айтқанда, «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Дәстүр және отбасы», «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыттары бойынша атқарылатын жұмыстарға басымдық берілмек.

Төртінші тоқсанда діни сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесулер мен насихат жұмыстарын жандандыру, жастармен және жамағатпен байланысты нығайту, отбасы құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу міндеттері қойылды.

Жиын соңында жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңдегі жұмыстарды сапалы әрі нәтижелі атқару қажеттігі атап өтілді.